ТУННЕЛЬ

lat: Týnel

[ағыл. tunnel] зат. Теміржол, автотрасса құрылыстардың тау немесе жер астынан өтетін бөлігі.

Майқасымен жас жуған бетін қайта-қайта сүртіп команда дан бөлініп тунельге жеке кетіп бара жатыр (С.Бердіқұлов, Жұмыр жерде теңбіл доп).

Айнадай жалтыраған тас жол оқтын-оқтын ұзындығы екі-үш километрге созылатын туннельдерден өтеді (Ә.Кекілбаев, Тырау-тырау тырналар).

Финдер бұл маңда бірнеше туннель қазып, жер астынан қатынас жолдарын салған екен (Ә.Бектемісов, Майдангер көзімен).

Туннель көліктің жүруіне, суды өткізуге қала шаруашылығы желілерін өткізуге арналған жер асты (су асты) имараты (Қаз. тілі термин.Тамақ.).