ТІГІС

lat: TİGİS

зат. 1. Киімді, басқа да затты қайып, тепшіп, жөрмеп т.б. тігу тәсілі, тігу ісі.

Тепшу бұл ең көп қолданылатын тігіс (С.Қасиманов, Қаз. қолөнер.).

2. Киімнің тігілген жері.

Оның әр жерінің тігісі сөгіле бастаған (Б.Қыдырбекұлы, Ешкімге.).

Жел ұйытқып кеп соққанда брезентті жапырақша қалтыратып, тігісін сөкті де жіберді (А.Жақсыбаев, Менің дос.).