lat: TİK
сын.1. Тікесінен, тура, түп-түзу.
Класта отырғанда баланың тез шаршауы оның ақылының жұмыс қылуынан, әсіресе тік отыруынан һәм ауаның бұзылуынан (М.Жұмабаев, Шығ.).
Шудасы желкілдеп, екі өркеші тік шаншылған семіз буыршын шөгіп жатыр (С.Мұқанов, Шығ.).
Ол тік тұрмай, былқ етіп қисая кетті (Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз.).
2. Биік, құлди, шаншылған, тіп-тік.
Тау немесе төбенің беткейі тік болған сайын жауған жауын-шашын тұрақтап тұра алмай, ойыс жерге ағады (С.Жортанов, Өлке тану.).
Өзеннің арғы жағы найзадай тік, биік жар (Ә.Сәрсенбаев, Офицер.).
3.ауыс.Төтесінен, бірден.
Жасың болса отызды артқа тастап кеткен болар. Қалай, үйлендің бе – деп сұрақты тік қойды (С.Бақбергенов, Алтынемел.).