lat: TİK
2ет.Ағаш, гүл, көкөніс өсімдік көшеттерін жерге отырғызу, егу, қадау.
Жиренайғыр, Ақсеңгір – Ежелден егіз екі өзен. Қатар аққан жанаса, Жағалай тіккен жас шыбық (Ү.Кәрібаев, Таңд. шығ.).
Қырдың қызы тіккен тал
Өсті еменді жағалай;
Құшақтасып, бауырмал
Қарындас пен ағадай (Т.Әлімқұлов, Боз жорға).
Бір кісі терек тіккен құмарланып,
Мәнісін өсірудің білмей анық.
Отырды бұтағының жөні осы деп,
Бұтақтан түк қалдырмай отап алып (Ш.Смаханұлы, Тотияйын).