ТІК

lat: TİK

3ет.Бәйгеге немесе бәстескен адамдардың жеңгеніне ақшалай немесе заттай жүлде қою.

Бәйгеге түйе тіксе көреміз! деді Сары. Жұрт күлді (С.Сейфуллин, Шығ. жин.).

Әй, деді Есім қызып, не тігесің? (М.Дүйсенов, Мейман.)

Бас бәйгіге елу жорға тікпек болған екен (Қаз. ертег.).