lat: TİLİM
сын. 1. Кішкентай етіп тілінген, бір жапырақ.
Тілім нан үшін қора сыпыратын Асанбай жоқ (Ш.Хұсайынов, Таныс.).
Бірер тілім нанымды інім мен қарындасыма әкеп бердім (Ө.Қанахин, Жер бас.).
Мақсұт табақты ашып көрді. Астында құймақ, бір тілім ет (С.Сарғасқаев, Көңілді бала.).
2. Тілімденген, тілім-тілім болған.
Өкше жарық, табан тілім,
Жер жоқ ешбір сирақта сау.
Тырналайды, бермей тыным,
Шеңгел де жау, жантақ та жау (Ә.Оңалбаев, Таң.).
Тізесі тілім жыртылған
Жетімдер жаққа қарайды.
Жесірлер жаққа қарайды (Қ.Мұқашев, Күн.).