lat: TİLİN
ет. Тілік-тілік болып кесілу.
Ерні қырық тілінген, жарық-жарық, (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.).
– Бақытқұл! Тірімісің! Айтамын ғой, беті тілінгенде ұйықтап қалған шығар (3.Шүкіров, Қиын түйін).
– Мына маймыл – шыр айналып жүгірген,
Үсті-басы бұтақ жырып тілінген,
– Осылардың ішіндегі өккісі,
Ерте келіп, кештеу көзге ілінген (C. Жиенбаев, Алтын қалам).