ТІРІ

lat: TİRİ

сын. 1. Жаны бар, тірі жүрген.

Тірі адам тіршілік тепкісінде күннен-күнге пісіп қата береді (I.Жансүгіров, Шығ.).

Базекең тірі екен-ау! (М.Әуезов, Абай жолы).

Әңгіме Бақытжан туралы еді. Бар екен ғой, тірі екен ғой (М.Дүйсенов, Гүлжан.).

2. Өмірде бар, өмір сүріп жүрген.

Сіз туысы болсаңыз, Әлия Молдағұлова тірі, деп өте ақырын дауыспен жауап берді (Ж.Жұмақанов, Әлия).

Жоқ, Қаракөз ол Үрмәшті ұмыт пайды! Үрмәш өлгенмен, оның жүрегінде мәңгі тірі(Ә.Әлішев, Батыр.).