lat: TİRKEÝSHİ
зат.1. Трактор тіркеуінде істейтін маман.
– Күйеуім – тракторист. Мен тіркеуші боп жүрмін (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.).
Еңбек жолын ол тракторға тіркеуші болудан бастады (С.Сарғасқаев, Сұлутөр.).
Тіркеуші мен тракторшының арасындағы белгілер – артқа аздап жүр, аздап оңға, аздап солға, тоқта т.б. байланыстың дұрыс орындалуын бақылау («Қазақст. мект.»).
Кеудесінде кең даланың, арасында ен жырдың Жыланбауыр тракторға тіркеуші боп сен жүрдің (М. Шаханов, Ғасыр.).
2.заң. Бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (Заң. термин. қаз.-ор. ор.-қаз. анықт. сөздігі).