ТІЗЕ

lat: TİZE

зат.1. Асық жілік пен ортан жіліктің түйіскен буын тұсы.

Отырдық жақын, қатар тізе тиіп,

Денеге у жайылып, қызып, күйіп,

Жұрт көзі екеумізден ауған кезде

Қойып ем бауырыма қысып-сүйіп (М.Жұмабаев, Шығ.).

Шәрбану көзін басып, жылап келіп, тізесін құшақтап, бүрісіп отыра кетеді (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Иіліп ақ боз үйге кіріп келді, Сол жағының тізесін сипап тастап (Батырлар жыры).

2.ауыс. Үстемдік, озбырлық.

Кебеке-ау тізеңіз елге майдай жақты-ау, Ақыш болыс елді жұтатып еді (К.Әзірбаев, Аңыз.).