ТИПОЛОГИЯ

lat: Tıpologıa

[грек. typos үлгі, logos ілім] з а т. Әртүрлі типті заттар мен құбылыстардың қарым-қатысын білдіретін топтау жүйесі. Т и п о л о г и я деп қазіргі ғылыми әдебиетте зерттеу объектілерін жалпылама үлгі көмегімен талдау, сұрыптау және жинақтау әдістері мен тәсілдерін айтады (Мәдениилос. энц. сөздік). Соңғы жылдары жанр табиғаты, т и п о л о г и я, стиль проблемасы, композиция сюжет, поэтика, соны тенденция тәрізді өрнекті сөздің өте салалы, түбірлі ішкі құнары түбегейлі зерттеле бастады (Уақыт және қаламгер). Т и п о л о г и я, әсіресе бір-біріне ұқсамайтын, көп түрлі құбылыстармен істес болатын ілімдерде реттеу және түсіндіру мақсатында жиі қолданылады (Мәдениилос. энц. сөздік).