ТИПОЛОГИЯЛЫҚ

lat: Tıpologıalyq

з а т. Типтік. Қазақ грамматикасын талдауда ол орыс лингвистикалық мектебінен сусындаған, бірақ туыстығы жағынан өзгешеленетін түркі тілдерінің құрылымында орыс тілінен ажыратылатын (яғни т и п о л о г и я л ы қ) ерекшеліктері болуға тиіс екенін де жақсы сезген (А.Байтұрсынов, Тіл тағылымы). Осы жерде айтатын нәрсе: көркем аударма проблемасы, әдебиетіміздің тілін, стилін, сондай-ақ т и п о л о г и и я л ы қ құбылыстарды терең зерттеу бүгінгі маңызды, толғағы жеткен міндет (И.Ғабдиров, Шабыт қайнары).