г е о л. Құрамында өндірісте бөліп алу экономикалық жағынан тиімді болатындай мөлшерде титаны бар минералды шикізат. Т и т а н к е н т а с т а р ы н ы ң өндірістік кен орындарын магмалық, экзогендік және метаморфтық кендер деп 3 генетикалық топқа бөледі (ҚҰЭ). Т и т а н к е н т а с т а р ы магниттік сепарация, электр-магниттік сепарация, гравитациялық әдістермен байытылады; шахта, карьер әдістері бойынша өндіріледі (ҚҰЭ).