ТАУСЫЛУ

lat: TAÝSYLÝ

Таусыл етістігінің қимыл атауы; 1. Біту, тамамдалу. Жоңышқаның бір бүйірі опырылып т а у с ы л у ғ а айналыпты (С.Нарымбетов, Тентек). 2. а у ы с. Күні жетіп, қайтыс болу. Санаулы дем т а у с ы л у ғ а таялып қалған еді (Е. Мырзахметов, Медет). Жаңғырықтыру даусың тау, Өмірге кетпеу есең еш. Жиырма бес құйып таусылмау, Т а у с ы л у жиырма бес емес (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.). 3. а у ы с. Қажу, тоқырау, шаршау. Толқын көңіл тоқырап т а у с ы л у ы-а й, Тасып-тасып басылған тау суындай. Жетім жүрек жастықтың жұртында қап, Ұлиды кеп борінің қаншығындай. (М.Мақатаев, Шығ.).