lat: TAǴY
1сын. 1. Жабайы, қолға үйренбеген (дала ақы, түз құсы).
Тағы ешкілер, арқарлар, еліктер, бұғылар сияқты аңдар тауда табындап өретін еді (С.Мұқанов, Саяхаттар).
Көк тағысы енді оралмас деп күдер үзген шақта қанаты күнге шағыла жарқылдап, аспаннан сорғалап кеп иесінің қолына қайта қонғандай (Д.Әбілев, Арман.).
Қарағай, қайың, орман сайы толған,
Ақырған арасында тағылары.
Топтанып киік, арқар орғып жүрген,
Ежелден үйреншікті таудың малы (Д.Еркінбеков, Шығ.).
2.ауыс. Көппен араласпай, бөлектеніп жүретін, (басқаны жатырқайтын (адам).
Баланы басқа адамға асыратпа,
Білгенше сылап-сипап өзің сақта.
Жылы жүз ата-анадан көрмеген соң,
Жүрмесін тағы болып өскен шақта (XX ғ. қаз. әдеб.).
Екі иті атыменен жан жолдасы.
Қатын жоқ, баласы жоқ, жалғыз басы.
Тағы өскен болса-дағы ол тас жүрек,
Балаға ауып кетті ықыласы (Ш.Әбенов, Ортақ арал).
3.ауыс. Мейірімсіз, қатыгез; зұлым, жауыз.
Қара жүрек қаталдықтан, соқыр сенімнен туған тағы дәстүрдің түпкі сыры діни ырым-сырымда жатыр (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай).
Енді мынау қарайсың тек,
Дәрменің жоң кезіңмен жеп.
Арланасың қорланасың
Тұтқын болдым тағыға деп (Қ.Аманжолов, Шығ.).
4.ауыс. Даму жағынан артта қалған; надан, мәдениетсіз.
– Сылқым мырзалар дала халқына бұратана тағы ел деп қана менсінбей қарайды (А.Сатаев, Дала күйлері).
Өмірінде басын сұғып көрмегенмен, қазақтың қысқы үйін де, жазғы үйін де ол баягы тағылар тұратын үңгірдей көретін (С.Мұқанов, Ботагөз).