ТАБА

lat: TABA

1ир.зат. Нан, т.б. тамақ пісіру үшін металдан жасалған дөңгелек, кемеш ыдыс.

Оның алдына қызметкер әйел үш жұмыртқаны кішкене табада шыжылдатып әкеп қойды (I.Жансүгіров, Шығ.).

Біздің жақта нанды табаға салып пісіреді («Қаз. әдеб.»).