lat: TABAQ
1ар.зат. 1. Піскен ет, т.б. тағам салатын дөңгелек жайпақ ыдыс.
Көп кешікпей сары табаққа толы буы бұрқыраған жас ет те келді (I.Есенберлин, Қатерлі.).
Табаққа салған қуырдақтың буы бұрқырап тұр екен (С.Мұқанов, Ботагөз).
2.сөйл. Пластинка.
Олар патефон табағындағы жансыз дауыстан гөрі жанды адамдардың әуендерін тыңдауға құмартады (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.).
Ертеңіне Шолпан әні граммофон табағына жазылды (А.Хангелдин, Қараторғай).