ТАМАҚ

lat: TAMAQ

2 зат. Ішім-жем, тағам, дәм, ас.

Солар келгенше орындарыңды дұрыс тап, дайындап, орнығып алыңдар, әзірше еш нәрсе жоқ, кешкі тамақты солармен ішесіңдер (Б.Момышұлы, Шығ.).

Әрі-беріден соң «сен ал, мен алға» келіп тамаққа тойып, араққа қызып, дауыста-ры жарқын-жарқын шыға бастады (I.Жансүгіров, Шығ.).

Келгендерге апам тамақ асып, шай беріп жатыр (Ә.Жылқышиев, Айтолқын).