lat: TAMASHA
зат. 1. Қызық-думан, ойын-сауық.
Сәуле қаланы шарлап, қызығы мен тамашасын сұқтана көрді (С.Сарғасқаев, Көңілді бала.).
Балалық махаббаты тамашада,
Қызарып, ұялысып оңашада,
Бір сағат көрісе алмай тұра алмаушы ек,
Көңілде бір бөтен ой болмаса да (М.Жұмабаев. Шығ.).
Ой қозғайды оңаша таудың басы,
Өткеннің ойға түсіп тамашасы.
Қолтығына қабағын түйіп қарап,
Әне тұр Қодар өлген құз-жартасы (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
2. Соншалықты жақсы, ерен, керемет.
Тамаша көз жеткісіз тоғайларың,
Жараттың бір секундта оңай бәрін.
Шадлықпен дүниеңнен орын алып,
Көкте құс, суда балық, тоғайда аңың (М.Дулатов. Шығ.).
Тамаша қарағанға түрің қандай!
Мынау көз, мынау мойын, мұрын қандай!
Гауһардай қанаттарың жарқырайды,
Келісті қалай біткен және маңдай! (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Көзім тоймас қарасам тамашасын,
Қисабына ми жетпей адасасың.
Заң түзеп, закон жайып, патша отырып,
Қараған ғаділдікпен қарашасын (М.Дулатов, Шығ.).
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш (М.Жұмабаев, Шығ.).