lat: TAMSHY
зат. Сұйық заттың ең кішкене бөлігі.
Жүргеннен тіпті қарап файдалырақ Күнінде үйренсең де жалғыз хәріф Тамшыдан тама берсе, болар дария, Кетпей ме ахырында бір молайып (М.Дулатов, Шығ.).
Ашық көздің жиегінде тұрған сүңгі мұздардан ептеп тырсылдап тамшы ағады (С.Сейфуллин, Тар жол.).
Көзінен үзіліп түскен бір тамшы жасты Кабеңнің маңдайынан сүртіп еді, Қабен қадала қараған күйі басын шайқады (3.Қабдолов, Жалын).