ТАМШЫЛА

lat: TAMSHYLA

ет. Сұйық заттың тамшыға айналып ағуы.

Түнгі жаңбырдан іркіліп қалған су үй төбесінен тырс-тырс тамшылайды (А.Тоқмағанбетов, Әке.).

Жолаушылар поезы орнынан қозғалысымен-ақ Жанатай көзінен де жас тамшылап қоя берді (Е.Салихов, Ала қан).

Сауырдан аққан қара тер

Жаңбырдай жерге тамшылап,

Оңды-солды қамшылап,

Ер Қосай заулап жөнелді (Батырлар жыры).