lat: TANÝ
2 қ. атау. Таны-у.
Іздеп келгенім өзіңіз едіңіз. Кісі танудан қалыпсыз, деді Бәтес (Ж.Молдағалиев, Торғай.).
Алтынды табу оңай, Адамды тану қиын (Мақалнама).
Өзін-өзі танауға талпынған адамзат алдында тұрған күрделі сұрақтарға жауап іздеп, ой толғауы, батыл да оқшау пікірлерге баруы автордың жекедара тұжырымын қалыптастырған (Адамды зерттеу – әлемді зерттеу).
Осы бағыттағы суреткерлер өмірді символ арқылы тануға тырысқан тиіс («Күн еді – сүймеуші еді түнді дер ме?»).
Адамзаттың даму тарихындағы қандай да философиялық ізденіс тіршіліктің мәнін түсініп, өзін-өзі танудың жолдарын айқындауға ықпалын тигізеді (Адамды зерттеу – әлемді зерттеу).
Кенесары мынадай әмір жазған: «Біздің адамдарымыздың сендерде қаны бар. Кінәлеріңді мойындарыңа алыңдар, мені хан деп таныңдар, мендік болыңдар, менің сендерге жақын болғым келеді» (Х.Досмұхамедұлы,).