ТАНК

lat: TANK

зат. Бронямен қапталып, мықты қару-жарақпен жабдықталған шынжыр табан соғыс машинасы.

Нұркен Әбдіров атақты батыр Гастеллоның ерлігін қайталап, өзінің жанып бара жатқан самолетімен жаудың танк колоннасына құлады (Р.Ыдырысов, Отты жыл.).

Қ.Тышқанбаев бір ұрыста жаудың үш пулеметінің үнін өшірді жөне гранатпен бір танкіні өртеді (С.Хайдаров, Азамат.).