ТАНЫМАЛ

lat: TANYMAL

сын. Көз таныс, үйреншікті, белгілі, таныс.

Додай құр атқа мінгізгендей дардиып, басын шұлғып: Додай өзінің танымал екенін, тілеулес екенін, тілеулес екенін сөзімен, кейпімен сездірді (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Орынборға келіп, бержебайға мініп, Ажардың танымалына барып түстік (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Танымал біреу кездесіп қалар ма дегендей байқап, иін тірескен жұрттың ара арасымен вокзалға кіруге есік алдына келдім (С.Сейфуллин, Тар жол.).

Зияш Қалиды көшеде көрді. Әске ри киімін әлі тастамапты, топ жігіттің ортасында да танымал (Б.Нұржекеев, Күй толғақ).