ТАНЫС

lat: TANYS

ет. 1. Бөтен адаммен жүздесіп білісу.

Жаралыс басы қозғалыс,

Қозғауға керек қолғабыс.

Жан де мейлің, бір мән де

Сол қуатпен бол таныс,

Әлемді сол мән жаратқан (Ш.Құдайбердиев. Шығ.).

Бір күні келе жатты ағаш жаққа,

Нендей жан кездесер деп таныспаққа.

Орманда Қасқыр, Аю аң болмаса,

Табылсын одан басқа кім бейбаққа! (А.Байтұрсынов, Ақ жол).

2. Бірдеңенің мән-жайын білу, тексеру, зерттеу.

Ғалымдар ең бірінші рет қалыпты температурада өмір сүре алмайтын сұйықпен танысты (К.Әбдіғапаров, Қызықты физ.).

Осын-дай әдіс-амалдардың арқасында бүгінгі шәкірт өндірістің жеке салаларымен, кәсіптің белгілі түріне тән ерекшеліктермен жете танысады («Қазақст. мект.»).

Чубаров документтерімен танысып, тісін ақсита күлімсіреп, қолын созды, амандасты (Ж.Тәшенов, Қаратас).