ТАПҚЫР

lat: TAPQYR

сын. Тез ойлап, ұтымды сөз айта алатын, алғыр, зерек.

Ол бұлардың ішіндегі ең шапшаңы және тапқыр, айтқышы (М.Әуезов, Абай жолы.).

Аталары Мөңке би заманында аса тапқыр, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен адам болған (А.Жұбанов, Замана.).

Құлжатай майда мінезді, қыз сияқты ұялшақтау, өзінен көзі бұрын күлімдеп отыратын тапқыр жігіт болатын (А.Лекеров, Түз гүлі).

Мерген сондай тапқыр, тез ойлай білетін адам болу керек. Міне Молдағұлова сондай мерген болатындығын көрсетті, деді ол көңілі біткендігін білдіріп (Ә.Нұрмаханова, Шығыс шынары.).