lat: TAPSYRÝ
1. Өткізу, беру.
Мемлекетке астық тапсырудың бесжылдық жоспары үш жылда артығымен орындалды (Қазақстан әйелдер).
Ендігі міндет осының бір дәнін шашу шығармай, қысқа мерзімде жинап алып, Отан қоймасына тапсыру («Қаз. әдеб.»).
Қалай жіберу ретін білмегендер “Қазақ” басқармасына жіберсе, тиісті орнына тапсыруға көп-көп алғыс айтылып, қабыл етіледі (А. Байтұрсынұлы, Жаңа низам.).
2. Есеп беру, сынақтан өту.
Сырттай оқуыңа болады ғой. – Болады, әрине. Алдымен сен барып түсші, сонан кейін сырттай емтихан тапсыруға мен де барайын (С.Мұратбеков, Көкорай).
Бүгінгі қабылдау емтиханы – екіншісі болатын. КазГу-дің филология факультетінің абитуренттері қазақ тілінен ауызша емтихан тапсыру үстінде (С.Досымов, Жаңғырық.).
3. Міндеттеу.
Абайдың тапсыруы бойынша, сол отырыстарда өзге ақындарға әңгімесін айтып берді (М.Әуезов, Ақын аға.).
4. жерг. Жазылу (газетке, т.б.).
Белсенді тілші қатарын еңбек адамдарымен толықтыру, газет тапсыру қатарын арттыру және ауыл өмірінен тартымды хабарларды келтіру керек (Қаз. тілі. диалек. сөздігі).