lat: TAPSYRYS
зат. 1. Тапсырылған іс, жұмыс, шаруа.
Жұмыс ауқымы мұнай-газ өндіру басқармаларының тапсырыс беруімен қамтамасыз етіледі(Егемен Қазақстан).
– Ал енді саған тапсырыс: бұл жерді таста, басқа жердің сүдігерін жырт (А.Жұмаділдин, Құт құбыры).
Райхан қасындағы адамдарға бас-басына жеке тапсырыс берді де, қоштасты (С.Жүнісов Жапандағы жалғыз үй.).
2. Бір нәрсені дайындауды, орындауды, жасауды, табуды тапсыру ісі.
Тапсырыс салондарына тұтынушылар керекті заттарына алдын ала тап¬сырыс бере алады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).
Сондай-ақ, типографияның атымен таралымға берілетін тапсырыс нөмірі де жалған жазылған. Бұл қолдан жасалған көшірме («Дала мен қала»).