ТАҚТАЙ

lat: TAQTAI

зат. Бөренені тіліп әзірленетін екі жағы тегіс, жұқа ағаш, құрылыс материалы.

Қап, бәлем, бір қылармын саған» депті,

Тақтайды ашуланып және тепті.

Ол келмесе суалып қалмаймын деп,

Қонағын ертіп алып аңға кетті (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Жас баланы арбаға салып сүйреу қазақтың бір қате жұмысы.Тақтай арбаның ішіне жаман көрпеге оратқызып баланы салып алып, 67 жасар балалар: «Мен ағамның қаракер атынша шабамын» деп тұрып арбаны дүрілдеткенде баланың не жаны қалады? (М.Жұмабаев. Шығ.).

Үшеуі мұны көріп қалды тоқтай:

Жапанда жазуы бар неткен тақтай?!

Жазылған оқып көрсе, сөзі мынау:

«Болсаң бол, ей, жолаушы, бұл бұлақтай!» (М.Дулатов. Шығ.).

Терең ғып тағы біреу бір көр қазған,

Басына тақтай қағып, жазу жазған:

«Өлімнен құтылмайсың, қашқанменен,

Мынау көр сенің көрің, Қорқыт жазған!» (М.Жұмабаев. Шығ.).