ТАҚЫРЫПША

lat: TAQYRYPSHA

зат. Қысқа, шағын тақырып.

Осы мақаланы жазарда мен қандай тақырыпша қойсам екен деп толғандым (М.Әлімбаев, Қалам.).

Бұл тақырыпшалардың ішінде 3 апталық боп жасалған жалғыз-ақ «Күзгі тұрмыс». Оның ішінде де октябрь мейрамы кіргендіктен 2 жұмалық боп шығады. Өзгесі бір жұмалық, 2 жұмалық(Ж.Аймауытов, Шығ.).

Егер текст ұсақ бөліктерге бөлінетін болса, оқушылар жеке фактілер мен сөйлемдерді оларға тақырыпша етеді (Қ.Жарықбаев, Психология).