ТАҚЫРЫПТЫҚ

lat: TAQYRYPTYQ

сын. Тақырыпқа қатысты, белгілі бір тақырыпқа арналған.

Біздің поэзиядағы бауырластық сезім де әдебиетіміздің тақырыптық шеңберінің кеңейе түскенінің куәсі (М.Әлімбаев, Қалам.).

Тұрғындар арасында тақырыптық кештер өткізу дағдыға айналды («Соқ. Қаз.»).