ТАРА

lat: TARA

1 е т. 1. Бытырау, жанаққа бететімен кету. Бүгін күндіз Тәкежан үйінде бір топ қонақ болып т а р а ғ а н (М.Әуезов, Ақын аға.). Жүрмісің аман-есен, батыр Сәтім, Ілгері болыстардан салтанатың, Сұңқар болып туыпсың Найзабектен, Т а р а й д ы Есенқұлдан арғы затың (Жамбыл, Шығ.). Кездесу аяқталып, оқушылар үйді-үйіне т а р а д ы (Д. Қасенов, Серт). Жазда шәкірттер т а р а п, оқу тоқталады екен (С. Бегалин, Мектеп.). Бәрекелде, Бұл еңбегің жарады! Бірақ одан ұрпақ т а р а п Одан ақын туғанша, Ал ол ақын ата жолын қуғанша, Кеудесіне сидырғанша даланы, Айырғанша ақтан бөліп қараны, Талай өзен тасып өтер, Бәлкім, талай ғасыр өтер деп, Қайырхан жасқа толып жанары Отырарға қимай, ұзақ қарады (М.Шаханов, Ғасыр.). 2. Етек алу, жайылу. Сауытбайдың аулында мектеп ашылды деген лақап т а р а ғ а н еді (С.Көбеев, Орындалған арман). Бір күні «көмекке әскер келеді екен», деген хабар т а р а д ы (Ә. Нұрпейісов, Сергелдең). Сөз мал емес, айдаттырып алып, жинап әкеп қораға қайта қамап тастайтын. Ол қолға түспеді, құлақ пен тіл бар жерде т а р а й береді (З.Ақышев, Жаяу Мұса). Атпаған таңнан шашырап алуан нұр көзге, Қаз қанат әуен жатады т а р а п үйлерге. Жетеді кезек бір кезде «Аврораның» даусымен жеткен күйлерге (Тйбергенов, Мен. ғашық.). 3. Сіңу, ену. Жылағанды тоқтатып, Ынсап қылсаң жарайды, Қоймасаң қайғы ауыр боп, Тұла-бойыңа т а р а й д ы (Абай, Тол. жин.). Жайлы қымыз баяу қызумен бойға т а р а п, жұртты кең әңгіме, келісті ұзақ мәжілістерге жетелегендей (М. Әуезов, Ақын аға). Никотин темекі түтінімен араласып денеге т ар а й д ы. (Е. Оразақов, Дәрігер.). Оттегі барлық денедегі клеткаларға т а р а й д ы (А.Дайыров, Хирург.). 4. а у ы с. Басылу, айыру, сейілу. Біраздан кейін Итбайдың ашу бұлты т а р а п, ақылы сабасына құйыла бастады. «Енді қайтем?» деп ойлады ол (С.Мұқанов, Ботагөз). Көңілімді торлай бастаған тұман т а р а п көкірегімдегі Ақбаянға деген махаббат күні қайта шықты (І.Есенберлин, алтын құс.). Өтті күндер, өтті түндер; Соғыс бұлты т а р а д ы; Жас қарағай тамыр жайып, Жапты кайта даланы (С. Мәуленов, Магниттау).