ТАРА

lat: TARA

2 е т. Тарақпен шашын жазу. Домаланған қара жігіт жазу столына отырып, омырау қалтасынан тарағын алып, шашын т а р а д ы (Б. Майлин, Шығ.). Мінген атың қара-ды, жарар-ау! Жал-құйрығын т а р а д ы, жарар-ау! (Жарар айтыс.). Әкем таңереңгілік шай үстінде басын көтеріп отырды. Шайдан кейін айна алдырып, сақалын т а р а п, түрін көріп біраз жатты (Т.Әбдіков, Ақиқат). Заманыңнан оқ бойы озарсың деп, қарағым, Кекіліңді тұлпардың кекіліндей т а р а д ы м (Қ.Мырзалиев, Бұлбұлбағы). Талай рет есті жел Т а р а п ұлдың тұлымын, Талай рет шықты күн Аясына ап нұрының (О.Шипин, Дастан.).