ТАРАП

lat: TARAP

з а т. 1. Белгілі бір тұс, жақ. Өзі де бір т а р а п қ а ыршып кетті, Бір биік ағаш көрген, соған жетті. Биік жерде болайын деді-дағы. Сол түні ағаш басын мекен етті (Абай, Тол. жин.). Қалтарысы көп, ұзын траншеяның біз оң жақ т а р а п ы н д а едік (Т. Бердияров, Солдат.). Килігіп жас жетпіске толығып тұр, Өр көңіл жеңбес жауға жолығып тұр, Талпынған әр т а р а п қ а таудай кµңілім, Шабығып осы бүгін торығып тұр. Жиырма бес көз ұшында елестейсің, Бір келіп енді бізбен кеңеспейсің. Біздерге осы уақытта күлсек те ұят, Қол созсақ: «Құрышы әрмен, о несі» дейсің (Базар жырау, Шығ.). 2. Бөлек, сала. Бәукен әкесі мен шешесінің екі т а р а п мінезін тағы да есіне алды (Р. Әутәліпов, Алтын.). 3. Жақтас. Жақып, Қаратай сияқты Қүнанбайға т а р а п кісілер бар (М.Әуезов, Шығ). ...Орталық Азияның бес республикасының басшылары Ашғабатта бас қосып, бұрынғы одақтың ұлттық сипатпен қарама-қарсы т а р а п т а р ғ а жіктеліп кетуіне жол бермейтін Тәуелсіз мемлекеттердің достастық Одағын құруды жөн деп тапты (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік).