ТАРАҚ

lat: TARAQ

1 з а т. Шашты, жүнді т. б. жазып тарайтын құрал. Ботакөз шашын т а р а қ п е н желкесіне қайырып алып, саусағымен үшке бөліп, жылпылдата өре бастады (С. Мұқанов, Жұмбақ жалау). Отырды күй тарттырып, ішіп шарап, Т а р а қ п е н алтын тісті сақал тарап, Осындай салтанат пен сәулетіне, Таңырқап қалушы еді халық қарап (Тзтілеуов, Рүстем дастан). Сабын, т а р а қ, қол айналар сатады екен (Г. Сыланов, Асау арна). Кейде сирек тісті т а р а қ п е н терінің ұйысқан жүнін тарауға болады (С. Қасиманов, Қаз. қолөнері).