ТАРИХИ

lat: TARIHI

с ы н. Тарихқа байланысты, соған қатысты. Т а р и х жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, уақиғалар тұсында сөйлейтін әуез… т а р и х и әңгіме деп аталады (А.Байтұрсынов, Шығ.). Т а р и х и этнографиялық музейлердегі археологиялық сәнді бұйымдар мен қарулар, ыдыс-аяқтар он саусағынан өнер тамған шеберлердің халықтық мұралары (С.Қасиманов, Қазақ халқының қолөнері). Ганди Үнді ұлт азаттық қозғалысына бүкілхалықтық мән бере білді. Міне, оның ең үлкен т а р и х и еңбегі осында (Ә.Шәріпов, Қапастағы жұлдыздар).