ет.1. Тартуға көмектесу, жәрдемдесу. Бәйгеге ат қоссаң, атыңды т а р т ы с п а й т ұ ғ ы н ағайын, атың келсе, бәйгесіне өкпелейтұғыны қалай (Абай, Тол. жин.). Түс кезінде келіп, Әлібекке құдықтан су т а р т ы с а р м ы н (X.Есенжанов, Ақ Жайық). 2. а у ы с. Дауласу, айтысу, күресу. Бұл жасқа келгенше, жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеур бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, т а р т ы с т ы қ әурешілікті көре-көре келдік (Абай, Тол. жин.). Жұрнақ үшін жыртысам, Шылау үшін шайқасам: Тармақ үшін т а р т ы с а м, Ақиқат деп айқасам! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).