ТАРЫЛУ

lat: TARYLÝ

Тарыл етістігінің қимыл атауы. 1. Көлемін кішірейту, тар күйге түсу. Жазық дала т а р ы л у ғ а айналып, бел-белестері жиі ұшырай бастады (О.Бодықов, Бұлбұл). 2. а у ы с. Сараңдық көрсету, іштарлану. Тары тапса, талқанға мұрнын шүйіріп және кетпейді, т а р ы л у д ы білмейді (М.Сатыбалдиев, Қоңыр қозы). Көңіл сиса, бәрі сияды, деді қарт әлденеге тіктеп. Аудан басшыларының т а р ы л у ы бекер (Қ.Жұмаділов, Саржайлау).