ТАСБАҚА

lat: TASBAQA

з а т. з о о л. Сүйек қабығы бар, қысқа аяқтарымен баяу жылжып қозғалатын жәндік. Міне жолдың шетінде үлкендігі кішігірім қазандай т а с б а қ а жылжып барады (І.Есенберлин, Айқас). Қоян кепті қос құлағы ербеңдеп, Т а с б а қ а да орын тепті төрден кеп. Сан орманның тамашасын тауысқан Ән шырқады ала қанат сауысқан (М.Шаханов, Ғасыр.). Т а с б а қ а өсімдіктермен қоректенеді және егіске зиян келтіруі мүмкіноология). Ең көп өмір сүретіндер т а с б а қ а л а р мен крокодилдер екен (Т. Таубаев, Жасыл әлем.). Жыртқыш сенің сұрап жатпас жөніңді, Жұмыры оның жұмыс істер өнімді... Өтпейтұғын тырнақ, Тұмсық, Тісің де Т а с б а қ а н ы ң сауыты бар сенімді (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).