ТАСПА

lat: TASPA

1 з а т. 1. Иленген қалың теріден тілінген жіңішке қайыс. Тілінген қайыстың аты т а с п а (С. Мұқанов, Халық.). Екеуі және жүрді зыр жүгіріп, Кез болды бір өзенге талай жүріп, Жарлы бала өзеннен балық алды, Т а с п а н ы бау, инені қармақ қылып (Ш,Құдайбердиев, Өлеңд.). Міністен қалған тарландай, Жүрістен қалған арландай, Т а с п а с ы н тіліп қамшы өріп, Отырар еді Ауғанбай. Адасып көштен қалғандай (М.Мақатаев, Шығ.).