ТАСҚЫН

lat: TASQYN

з а т. 1. Арнасынан асып көтеріліп, тасып жайылған су, сел. Кемерінен асқан теңіздің т а с қ ы н суы кең жазираға жайылып шығып дүркірей жөнелді (А. Сатаев, Дала.). Жайылма дегеніміз өзен суының т а с қ ы н кезінде жайылатын алқабы (Н. Баяндин, Өзен алқабы.). Көлдетіп суару көктемгі су т а с қ ы н ы н ы ң зиянды әсерін кемітеді (М. Ерлепесов, Суармалы егін.). 2. а у ы с. Асып-тасқан күш, жігер, қарқын. Есімде сол күрес жылдар, аш жылдар, Революция жауынгерін көрдім мен, Жігерінде тегеуірінді т а с қ ы н бар, Табынып ем соларға мен сол күннен (Қ. Бекхожин, Қайран жаз.). Т а с қ ы н күшін тағаты желкелеген, Жеңісіне жел күліп еркелеген. Ауылымызды қақ жарып, Қасқасудың Ерке өзені жүйткитін ентелеген (М.Шаханов, Ғасыр.). Ауыл кеші... бала кез, Елестейді жас күнім. Баса алмаушы ек қаракөз Құштарлықтың т а с қ ы н ы н (К.Салықов, Жезкиік.).