с ы н. 1. Тасымалға арналған (құрал жабдықтар). Үш мая т а с ы ғ ы ш кезек қатынап, қой қоралар жанындағы пішенді комплекске тасып болған еді (С.Ләмбеков, Әке жолы). Жер астындағы мұнай, газ тасыған т а с ы ғ ы ш құбырларды таттанудан сақтау мақсатында шыны талшықтары таптырмайтын материал («Білім және еңбек»). 2. Тасуға бейім. Ақынның көңілі дариядай, Ақынның көңілі қариядай. Т а с ы ғ ы ш болып келеді, жасығыш болып келеді (М.Жанаев, Назқоңыр). Алатаудың басы қар, Алатаудың басы қыс, бауырында Алматы, Алматинка т а с ы ғ ы ш (Т.Молдағалиев, Қош көктем).