з а т. к е н. 1. Сусымалы, құрғақ кесекті затты не даралай жүктерді тасымалдауға арналған үздіксіз жұмыс істейтін тасымал машинасы. Т а с ы м а л д а ғ ы ш таспалы, шынжырлы, арқанды тартқыш мәрімдерімен және тартқышсыз (бұрамалы, инерциялы, дірілді, аунақшалы) мәрімді, ал жүк тасу қабілетіне қарай: таспалы, тілімшелі, қырғышты, арбалы және т.б. болып бөлінеді. 2. Байыту фабрикаларындағы ұсату бөлімінде кенді бір операциядан келесі операцияларға тасымалдау үшін қолданылатын жабдық. Т а с ы м а л д а ғ ы ш ұзындығы әртүрлі, екі тегершіктің көмегімен айналмалы қозғалысқа келтірілетін резеңкелі таспадан тұрады (Қаз. тілі термин. Кен.).