з а т. 1. Қарым-қатынаста болушылық, жақсы сыйластық, көңілдестік, бірлік. Сол досты сая таппай іздейді жан, жоқтайды күңіреніп, қозғалып қан. Жау жабылса, бұзылмас жан көрмедім, Артық жолдас таппадым т а т у л ы қ т а н (Абай, Тол. жин.). Рахым жоқ, қанағат жоқ, арсыз болып, Жас бойға жаман атақ тағынбалық Таза ойлап, т а т у л ы қ іс табалық! Жау жоқта, тіпті жауды сағынбалық! (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Сөз қылды жақсылықты, жамандықты, Жомарттық, мырзалық пен сараңдықты. Достықтың, дұшпандықтың жайын сөйлеп, Қолға алды т а т у л ы қ пен араздықты (А.Байтұрсынов, Шығ). 2. п е д. Адамдардың бір-біріне сыйластық қарым-қатынасы. Т а т у л ы қ отбасынан, ерлі-зайыптылардың, ағайынды адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынан басталып, ел мен елдің арасындағы, мемлекетаралық қарым-қатынасқа дейін өрбиді. Т а т у л ы қ – береке-бірліктің негізі (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады (ҚР Конституциясы).