ТАЗ

lat: TAZ

зат. 1. Басқа түсетін жұқпалы жара.

Ол дәріні басқа жара шығып, тазға айналғанда, бастың, не беттің әр жеріне ақтаңдақ жара шыққанда береді (С.Сұбханбердин, Дәрі дауа).

Орынбай дәл жиырмада жасың бар ма?

Тазын айтып, ағаңда қасың бар ма?

Көп ішінде ағаңның тазын айтып,

Тазға бөліп беретін шашың бар ма (Айтыс).

Жоғарыда айтып өткен Байжанның он жеті жастарға келген Жұман дейтін бір таз һәм ақылсыз баласы бар еді. Сол елде екі-үш Жұман есімді жігіттер болғанға, бірін «сары Жұман», бірін «тапал Жұман», Байжанның баласын «таз Жұман» деуші еді. (М.Дулатов. Шығ.).

Мен саған олжа болар серің бе едім,

Құтқардың сөзім сыйлап, ерінбедің.

«Сыйға-сый» дегендейін, таз басыңды

Аузыма салып тұрған кемірмедім (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Мен қайран атам малға сатқанына,

Бір тазды жалпақ елден тапқанына.

Аты өшіп тумай кеткір Жұман деген!

Мал беріп, мені өзімсіп жатқанына (М.Дулатов. Шығ.).

2.ауыс. Басы таз адам.

Таз таранғанша, той тарқар (Мақал).