зат. Шаң-тозаң, кір-қоқысты тазалағыш құрал.
Дән тазартқыштар мен астық тиейтін механизмдер қарауытып дөңкиіп көрінеді (Ә.Жәмішев, Дала.).
Машинаның әйнек тазартқышы тынымсыз бұлғаңдап маңдай терезеге түскен қарды жентектеп екі шетке ысыра береді (Т.Ахтанов, Дала.).