ТЕҢ

lat: TEŃ

2 с ы н. 1. Бірдей, парапар, қатар. Әуелгі екі Думада әр облыстағы көшпелі қазақтан бір депутат болғанда, отырықшы шаһар халқында қазақпен т е ң депуттаттар барған (М.Дулатов, Шығ.). Жарлықты кешіктірмей тез беріңіз, Жаманды жақсыменен т е ң көріңіз. Ала қой қорыққаннан өзі азаяр, Қойшылыққа қасқырды жіберіңіз (Абай, Тол. жин.). Саясы жоқ бәйтерек Саздауға біткен талмен т е ң. Жақсы ағаңыз бар болса, Алдыңда сары белмен т е ң (Шал ақын, Өлеңд.). Құның жоқ, қорлықта өшіп ең, Терезең төремен болды т е ң. Намыстан, қайраттан қатарға ен! Басқадан кем болған сенің нең? (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. Лайық, сай, пар. Жақсы күнде т е ң жүрген Жолдас-жора, таныс бар. Сен ренжіп, мен күлген Күндерде көп-көп мәніс бар (К.Салықов, Жезкиік.). // Қатар, жасы шамалас адамдар. Ол маған өзінің т е ң і н е сөйлегендей сөйледі (М.Жұмабаев, Шығ.). Кейбіреу кербездене әлін білмей, Кеудесін көтереді кәдімгідей. Кейбіреу қалжыңдасар кейбіреумен, Өзінің ойнайтұғын т е ң і н білмей (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). // Жас шамасы, ақыл-ойы сәйкес келетін бір-бірін ұнатып қосылған қыз бен жігіт, ерлі-зайыптылар. Тентек қылсаң да т е ң і ң д і тауып едің, алла лайық көрмеген соң, жылағаныңмен не өнеді, деп бірсыпыра насихат айтты (М.Дулатов, Шығ.). Берсін атам, малға сатпай, т е ң і м е, Маған жолдас ол мал болмас, ер болар! Құр қызықсаң ата заты, тегіне Көзің нұры балаң өмірі шер болар (М.Жұмабаев, Шығ.). Ішім өлген, құр денем сау, Босқа үрейім жүр менің. Жарамайды бекер алдау, Т е ң і ң емес мен сенің (Абай, Тол. жин.). Рақым етпес және ата-анасы, Болса да жақсы көрген өз баласы Т е ң і н е қыздың көбі бара алмайды, Көнбеуге және дағы жоқ шамасы (М.Дулатов, Шығ.).