Теңестір етістігінің қимыл атауы. 1. Тең, бірдей ету. Диограмм деген аз бен көпті, үлкен мен кішіні т е ң е с т і р у д і ң белгісі. Теңестірген соң, дәлдеп өлшеу керек. Дәл өлшеуге келмейтін жерде, әрине, шамаламай болмайды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Бұл ауылды осы Жетісу өңірінде, жеті өзеннің бойында жатқан басқа ауылдармен т е ң е с т і р у үшін, солардың қатарына келтіріп соңына қосу үшін ең керекті нәрсе – еңбек (С.Бақбергенов, Адам және көлеңке). Өндіріс барлық уақытта тауарлар қызметтерге сұранымды т е ң е с т і р у г е тырысады (Б.Жүнісов,... Нарық. негіз.). 2. ә д е б. Теңеу. Екі нәрсені т е ң е с т і р у д е н, олардан ортақ сипат-белгі табудан қандай мағына туып, қандай ой аңғарылады, қандай сезім-әсер жалғастығы (ассоциация) пайда болады (Әдеб. термин. сөздігі).