ТЕҢСІЗ

lat: TEŃSİZ

с ы н. 1. Теңі, теңдесі жоқ. Отан ана деген сөз тереңдігі жағынан т е ң с і з образ («Қазақст. мект.»). 2. Теңдік жоқ, тең праволы емес. Т е ң с і з д е р д і теңеді, Жетімдерді жебеді. Он бір одақ халыққа Салтанатты сән берді (Халық ақындары). Камила әйел қоғамының артта қалған т е ң с і з тобының өкілі (Ғ.Мұстафин, Қыр жігіті). Байдың қызы да қалың малға сатылғанмен, «тамағы тоқ, көйлегі көк» дегендей, күн көрісі кедей қызынынан тәуірлеу, ал, хұқық жағына келгенде, ол да т е ң с і з; ері балағаттайды, сабайды, ұлықсатынсыз аяғын бұра бастырмайды; ері өле қалса, ауыл салтымен ол да әмеңгер аталатындардың біреуіне еріксіз тиеді (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Міне осындай күшпен езуге кіріскен, т е ң с і з мал есебінде ұстаған патша хұкіметін рақымды хұкімет деп қазақ халқы айта алмайды (Х.Есенжанов, Тар кезең).