[грек. theatron] з а т. 1. Драмалық шығармаларды актерлер күшімен сахнада бейнелеу, ойнау өнері. Қазақтың көбіне «т е а т р» деген сөздің өзі жат. Театрдың не нәрсе екенін оқығандар һәм қала қазақтары ғана біледі. Солардың да көбі театрды тек еріккен кісі көңіл көтеруге тамаша қылатын мағынасыз ойын-күлкі орны деп қана түсінеді. Театр кітабы әдебиеттің бір мүшесі екенін, оның өз алдына мағынасы, пайдасы зор екенін білуші кем (М.Дулатов, Шығ.). 1927 жылға дейін Қазақстанда қазақтың ұлт т е а т р ы, болған жоқ (С. Мұқанов, Өсу жол.). Октябрьден кейін т е а т р құру үлкен әлеуметтік мәселе болып көтерілді (Р.Нұрғалиев, Талант.). Мен ол кезде т е а т р д ы ң өзі түгіл, атын да естіп көрмеген едім («Лен. жас»). 2. Драмалық шығармаларды қоятын, ойын-сауық көрсететін орын-жай. Ол екеуіңнің т е а т р ғ а да бірге барғандарыңды айтқан (Қ.Мұхабетқалиев, Жұлдыз.). Қалаңның не т е а т р ы, не киносы жоқ (Ж.Тілеков, От кешу). Онымен жұмысқа да баруға болады, т е а т р ғ а немесе қонаққа да бара аласыз (С.Байжанов, Сыр.). 3. ә с к. Жеке географиялық шайқас ауданы және осы аудан шегіндегі жер үсті, теңіз немесе әуе қимылдары (Қаз. тілі термин. Әскери.).